Ana Sayfa SİYASET 22 Haziran 2022

Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директоры Джай Шроффпен кездесті

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директоры Джай Шроффпен кездесті

2022 жылғы

Қатар мемлекеті, Доха қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа UPL Limited компаниясының қазіргі жұмысы мен даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді.

Джай Шрофф Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласында заманауи тәсілдерді қолдану, осы саладағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ егін егу және жер өңдеуде қолданылатын қазіргі технология жөнінде айтты.

Қазіргі таңда UPL Limited өнімдері әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Агробизнес – компанияның негізгі табыс көзі. Кәсіпорын дәстүрлі агрохимиялық өнімдер мен басқа да ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар өндіріп, сатумен айналысады.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-upl-limited-kompaniyasynyn-bas-direktory-dzhay-shroffpen-kezdesti-215127