Ana Sayfa SİYASET 16 Kasım 2023

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

2023 жылғы 16 қараша

 

 

 

 

 

Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды.

 

 

 

 

Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейді. Жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті.

 

 

 

Сонымен қатар студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайды.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысы туралы мәлімет берілді. Министрлік цифрлық университет моделін әзірлеп жатыр. Студенттер Coursera жаһандық онлайн білім беру платформасында оқу мүмкіндігіне ие болды. Қазірдің өзінде олардың 40 мыңы сертификат алды. Платформадағы 100 негізгі курсты қазақ тілінде оқуға болады.

 

 

 

Мемлекет басшысына Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ілгерілеп келе жатқаны туралы баяндалды. QS рейтингіне 21 жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіреді. Жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік университеттер филиалдарының саны сегізге жетеді. Халықаралық компаниялармен бірлесіп, жасанды интеллект саласында кадр даярлау ісі басталды. «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында өңірлерде кадр қажеттілігіне форсайт-зерттеу жүргізу үшін жобалық кеңселер ашылып жатыр.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген мәлімет бойынша Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі күшейіп келеді. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын бастады. Ғалымдардың орташа жалақысы 2 есе өсіп, 252 мың теңгеге жетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3,3 есе артып, 643 миллиард теңгені құрады.

 

 

 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары тазалығы 99,5 пайыз мөлшерінде селен алу технологиясын ойлап тапты. Бұл химиялық элемент медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстан аталған сирек металды анағұрлым тиімді бағамен экспорттай алады.

 

 

 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы білім беру деңгейін арттыру, инновацияларды ынталандыру және ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministri-sayasat-nurbekti-kabyldady-1610367

 

 

 

Yorumlar (Yorum Yapılmamış)

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.

Benzer Haberler