Ana Sayfa DÜNYA 11 Eylül 2022

Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерімен кездесті

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерімен кездесті

2022 жылғы

Президент «Ақорда» резиденциясында еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы отандық кәсіпкерліктің рөлін талқылау бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты екенін атап өтті.

– Қазақстан халқына Жолдауымда экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты – бүкіл еліміздің әл-ауқатын сапалы және инклюзивті түрде жақсарту ісі өзгермейтінін ерекше атап өттім. Бұл мақсатқа еркін әрі тиімді нарықтық экономика құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мемлекеттің экономикадағы жетекші рөлі, әсіресе мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді және солай болуға тиіс. Мемлекеттің міндеті – заңға бағынатын бизнеске ел ішінде де, халықаралық нарықта да қолдау көрсету, – деді Мемлекет басшысы.

 

Оның айтуынша, экономиканы монополиядан арылту және жаңа нарықтар ашу жұмыстары жалғасады.

– Бәсекелестік жағдайы теңестіріледі. Енді қандай да бір тұлғаға басымдықтар берілмейді. Мемлекеттік аппараттағы байланыстары мен оның тарапынан жасалатын қамқорлыққа қарамастан, Қазақстанда адал бизнеспен айналысу кез келген адамға тиімді және қауіпсіз болуға тиіс. Бұл – негізгі ұстаным. Біз шағын және орта бизнесті дамытамыз. Кәсіпкерлердің жаңа буынын өсіруге, жаңа идеялар мен ой-пікірлерді қолдауға баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекет ірі, қалыптасқан бизнесті қолдаудан бас тартпайды. Керісінше, біз, ең алдымен, сіздерді Әділетті Қазақстан құруға белсене атсалысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдеріне осы мақсаттарға жету үшін бірқатар шешім қабылданатынын жеткізді. Атап айтқанда, салық саясаты мен салық әкімшілігі түбегейлі қайта қаралады.

– 2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл – менің Үкіметке берген тапсырмам. 2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады. Бұл бизнесті артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент салалық саясатын, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс саласын, көлік-логистика секторын дамытуға қатысты әдістерді қайта қарау маңызды деп санайды.

– Біздің алдымызда биліктің, қоғам мен бизнестің күшін біріктіру арқылы ғана орындауға болатын орасан зор міндет тұр. Оған қоса, 21 қаңтарда өткен кездесу барысында мен айтқан мемлекет пен бизнестің өзара іс-әрекет қағидаттары өзгермейтінін тағы да нақтылаймын. Естеріңізге сала кетейін, бұл – адал бәсекелестік, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салыққа адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды.

– Адами капиталға, атап айтқанда, заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің, студенттер жатақханаларының, жастарға арналған спорт ғимараттарының тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз ел үшін елеулі болар еді, – деді Президент.

 

Жиын соңында Мемлекет басшысы билік пен бизнес арасындағы конструктивті диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasipkerlerdi-aleumettik-zhauapkershilikke-shakyrdy-981548

 

 

Yorumlar (Yorum Yapılmamış)

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.