Ana Sayfa DÜNYA 3 Nisan 2022

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы мәлімет берілді.

Ермек Сағымбаев Президентке қылмыстық істерді, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде баяндады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1769 қару, 273 граната және 49 303 оқ-дәрі, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар заңсыз қолданыстан алынды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 6 есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылып, 10 халықаралық және 11 өңірлік есірткі каналы жойылды. 404,5 кг көлемінде есірткінің бірнеше түрі мен 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Мемлекеттік шекараны қорғау саласында тәртіп бұзған 2225 адам ұсталды.

500 миллион теңгеден астам сомадағы валютаның, құны 1,3 миллиард теңге болатын халық тұтынатын тауарлардың және жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Аумақтық су жүйелеріне қатысты 57 заң бұзушының әрекеті тоқтатылды, 98,7 шақырым браконьерлік заттар тәркіленді. 500 миллион теңгеден астам ықтимал шығынның жолы кесілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК органдарының жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ulttyk-kauipsizdik-komitetinin-toragasy-ermek-sagymbaevty-kabyldady-132924

 

 

Yorumlar (Yorum Yapılmamış)

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.